Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Самара-Шымкент» автожолына 1110 тонна тұз аралас құм себілді

08.02.2022, 15:45 276

HALYQLINE.KZ Соңғы күндері ауа райының қолайсыздығынан облыс аумағынан өтетін «Самара-Шымкент» трассасының кейбір аралығында көлік қозғалысы шектелді. Себебі, жаңбыр аралас қардың соңы көктайғаққа ұласып, жолдар уақытша жабылды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше жылтыраған мұзға айналған автожолдарда 18 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Абырой болғанда, адамдар дін аман.

Полиция мен «ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметкерлері жолдан шығып қалған көлік жүргізушілеріне көмек беріп, діттеген жеріне жетуіне жәрдемдесті. Ал жол тазалау жұмыстарына аймақтағы «Қазақавтожол» мекемесінің 23 техникасы жұмылдырылды.

«Самара-Шымкент» трассасының қар басып, мұзға айналған қауіпті учаскілеріне бүгінгі таңда 1110 тонна тұз аралас құм себілді. Дегенмен, сала мамандары өңір тұрғындарына әлі де ауа-райының мың құбылуына байланысты ұзақ жолға шыққанда барынша сақ болуға кеңес береді.

Жол актвитерінің ұлттық сапа

 орталығының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: