Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сала ардагері ардақты

19.10.2023, 16:00 106


Қызылорда облысының Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасы бастығының міндетін атқарушы Досжан Исабек Болатұлы мен Төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Зат Әкім Асқарұлы сала ардагері Смайылов Сейітжағыппар Нұрғалиұлын кәсіби күнімен құттықтады. Олар Сейітжағыппар Смайыловқа естелік сыйлық пен тәттілерді табыстады.

Смайылов Сейітжағыппар зейнетке шыққанға дейін Қызылорда облысының Мемлекеттік Өртке қарсы қызмет басқармасында инспектор лауазымынан бастап – кезекші өрт сөндіру қызметінің бастығына дейін еңбек еткен.
Смайылов Сейітжағыппар зейнетке шыққаннан кейін, яғни 1997-2014 жылдар аралығында облыстық ТЖД ардагерлер ұйымының төрағалық қызметін атқарды.

Қызылорда өңіріндегі өрт сөндіру саласында еңбек етіп, аянбай тер төккен құрметті азаматтардың бірі. Азаматтық қорғау саласының ардагері Смайылов Сейітжағыппар ағамызға алдағы уақытта да зор денсаулық, отбасына амандық тілейміз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: