Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағаштықтар да жаңа күнмен көрісті

14.03.2024, 17:55 247

HALYQLINE.KZ

Бүгін Жалағаш ауданы әкімі Ардақ Ибраимов 14 наурыз – Амал күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысып, аудан тұрғындары мен құрметті қонақтарды ұлттық мерекемен құттықтады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тарихтан сыр тартқан, халқымыздың көне салт-дәстүрлерін, ғибратты тұрмыс-тіршілігін айшықтайтын амал күнін тойлау бүгінгі күні тамырын тереңге жайған оң үрдіске айналды. Амал мейрамы – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын таразы. Осындай игілікті сәтте отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әрбір шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін. Алдымыздағы үлкен мереке – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының бастауы болып саналатын амал күні баршаңызға құтты болсын, ағайын! Амалдан амалға аман-есен жете берейік», – деді аудан әкімі.

Аудан өнерпаздарының халыққа ұсынған мерекелік концертінде алғаш рет кішкентай бүлдіршіндерімізден құралған ансамбльдің тұсауы кесілді. Аққыр ауылдық клубы жанынан құрылған «Бал-бала» шулы аспаптар ансамблі «Аспаптар» әнін орындап, халықтың ықыласына бөленді.

Мерекелік іс-шара аясында креативті индустрияға байланысты «Ulttyk style» көрме жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жалағаштық өнер тапқыштардың көрмесімен танысқан Ардақ Ибраимов қол өнер шерберлерінің туындылары үлкен еңбекпен сапалы шыққанын жеткізіп, жаңа бастамаларға сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: