Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қарынды жайып жіберсең – дала, ал жинақтасаң – жұдырық сынды

21.03.2021, 11:00 521

HALYQLINE.KZ

Бұрынғы заманда шабуыл жасау мен соғысуды жақсы көретін патша өмір сүрген екен. Ол әртүрлі елдерге шабуыл жасап, жерлерін басып алып, сөйтіп өз жерлерін кеңейтіпті. Ол көптеген жерлерді басып алса да, соғыстарын, адамдарды қырып-жою мен талан-тараждарын жалғастырып, басқа елдерді басып алудан бас тартпапты. Соғысқұмар патша әртүрлі елдерге шабуыл жасап, Қытайға да жетеді. Ол әскерімен Қытайға кірген кезде, басқа елдердегідей қытайлық сарбаздардың қарсылығымен бетпе-бет келіп, ұзақ қантөгістен кейін бұл жерді де жеңіп аламын деп ойлайды. Бірақ оның күткеніне қарсы, не сарбаздар қарсылық білдірмейді, не әскер мен әскери қолбасшылар оған қарсы соғыспады. Қытай басшысы патшаны әскерлерімен бірге құрметпен Қытайдың астанасына әкелуді бұйырады. Патша мен сарбаздары Қытайды қантөгіс пен соғыссыз басып аламыз деп қуанады. Бірақ олар Қытай басшысының басында не ой бар екенін білмеген еді.

Соғысқұмар патша Қытай астанасына жеткен кезде, Қытай басшысы оны құрметпен қарсы алып, сарайына шақырады. Оның сарбаздарын да әскери базаға орналастырады. Кешке Қытай басшысы үлкен қонақасы беріп, Қытайдың барлық ақсақалдарын жинайды. Соғысқұмар патша мен оның әскери басшыларын да қонаққа шақырады. Соғысқұмар патша Қытай басшысы соғысқысы келмей, елін өз қолынан оған тапсырғысы келіп отыр деп ойлайды. Сол себепті қонақасының үстінде Қытай патшасы сөз сөйлеп, елінің ақсақалдарына оны Қытай басшысы ретінде таныстырып, халқына енді өзінің басшы емес екенін айтатынын күтеді. Қонақтар жиналысымен олардың алдарына ас та қойылады. Әр қонақтың алдында беті жабылған дәмді тамақ тұр. Тамақ жейтін уақыт келеді. Барлық қонақтар алдарындағы астың бетін ашып, тамақтануды бастайды. Соғысқұмар патша мен оның әскери басшылары да ыдыстарының бетін ашады, бірақ олардың ыдыстарында тамақ болмайды. Олар таңғалады. Тамақтың орнына алтын мен асыл тастар салынған еді. Патша алтын мен асыл тастарды көріп, таңғалып, Қытай басшысына қарап: «Мені және әскери басшыларымды құрметтегеніңе және қымбат сыйлықтарыңа рақмет. Бірақ мен басқа қонақтардай бізге тамақ бересің деп күттім. Бұл ісіңді қалай түсінуге болады?»- деп күліп, сұрайды. Қытай басшысы сабырмен: «Мен патша мен әскери басшылары тамақтың орнына алтын мен асыл тастарды жейді екен деп ойлап, тамақтың орнына соларды салғыздым», – деп жауап береді. Патша аздап реніш білдіріп: «Бұл не дегенің? Қай адам тамақтың орнына алтын мен асыл тас жейді?» – дейді. Қытай басшысы: «Алтын мен асыл тас жемесең, соншама қантөгіс пен соғыс не үшін? Тіпті, егер кішкентай мемлекеттің патшасы болсаң да, ең жақсы тамақты ішіп-жей аласың және басқа елдерді басып алу үшін ұзақ жолға шығудың да қажеті жоқ. Қарынды жайып жіберсең – дала, ал жинақтасаң – жұдырық сынды», – дейді.

Қытайлықтарды жеңе алмайтынын түсінген соғысқұмар патша таңертең әскерін жинап, қытайлықтарға еш зардап келтірмей, осы елден кетіп қалады. Сол күннен бері бір шағын азық үшін басқаларға зұлымдық жасауға болмайды және қанағатпен өмір сүруге болады деп айтқысы келсе, «Қарынды жайып жіберсең дала, ал жинақтасаң жұдырық сынды» деп айтылатын болыпты.

Иран әдебиетінен

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: