Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кітап туралы қызықты фактілер (1-бөлім)

27.02.2023, 10:20 1073

HALYQLINE.KZ

1. Археологиялық олжа бойынша алғашқы кітаптар екі мың жылдан бұрын пайда болған. Олар ағаш пен балауыздан жасалған.

2. Дегенмен ең ескі кітап бар – Присс қолжазбасы, Шамамен 5,5 мың жыл бұрын папирусқа жазылған.

3. Жер бетінде шамамен 130 миллион кітап бар. Бұл жерде кітаптың басылған саны емес, жазылған есебі көрсетілген.

4. Ең құпия кітап – Войничтың қолжазбасы. Бұл әлдебір өсімдікті сипаттаған ортағасырлық манускриптті әлі ешкім оқи алмаған. Ол белгісіз тілде жазылған, әрі ол сипаттаған өсімдік те жер бетінде жоқ. Әлі күнге кітап туралы талас пен болжамдар тоқтаған жоқ.

5. Леонардо да Винчидің «Лестер кодексі» – әлемдегі ең қымбат кітаптардың бірі. Ол аукционда Билл Гейтске 24 млн долларға сатылған. Қызығы сол кітап теріс қарата жазылған, оны айнаның көмегімен ғана оқуға болады.

Ал, сіз кітап туралы басқа қандай фактілер білесіз?

t.me/kzkitap

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: