Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Радиотелефоншы Гүлзира

08.09.2020, 14:10 580

HALYQLINE.KZ Өрт сөндіру қызметіндегі әйелдің кәсібінің бірі – радиотелефон операторы болу, ол өрт кезінде үйлестіруші, ақпаратты уақытылы және сапалы таратушы  байланыс буыны болып табылады.

Арыстанова Гүлзира Алтынбекқызы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылында қарапайым ауылдық отбасында дүниеге келген.

Ол бала кезінен суретші болуды армандады. Мектеп жасында акварельмен пейзаждарды ғана емес, сонымен қатар қарапайым қарындашпен портреттерді де әдемі салатын.

5-сыныпта-ақ Гүлзира Алтынбекқызы Абай Құнанбайұлы мен Мұқағали Мақатаев сияқты қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы қазақтың ұлы ақындарының портреттерін салған.

Арыстанова Гүлзира 2010 жылы Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» Қызылорда қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне 27 жасында жұмысқа тұрды. Бұған дейін ол мүлдем басқа салада бірнеше қызмет орнын ауыстырды.

«Мен өрт сөндіруші болуды армандаған жоқпын, жұмыс осы жерден бұйырды», – деді Гүлзира. Ол өрт сөндіру қызметінің қызметкері болған ағасының әсерлі әңгімелері әсер еткені соншалық, ол осы салада жұмыс істеуді ұйғарды. «Неге байқап көрмеске?»

Өзіне қатаң талап қойғыштығы шешуші сәтте дұрыс шешім қабылдауға көмектесті, өйткені кез келген өрттің жедел сөндіріліуі де  радиотелефонистің міндетін дұрыс атқаруына да байланысты болады.

Дұрыс шешім қабылдау үшін диспетчер өрт сөндірушілердің баратын аймағын дәл білуге, жарылғыш және өрт қауіпті объектілердің орналасуы туралы ақпаратқа ие болуға, сондай-ақ өртке қарсы тұра алатын техниканың сипаттамасын ескеруге міндетті.

Әрине, бұл білімнің барлығы тәжірибемен келеді, өйткені радиотелефонистер болып жатқан жағдайды көрмейді.

Жұмыстың алғашқы күндерінің бірінде Гүлзираға үйі өртенген адамнан қоңырау түсті.

Абыржыған өрттен зардап шеккен адам дұрыс ақпарат бере алмады, тек «өрт сөндірушілер жедел келсін» деп айғайлады. Жұмыс тәжірибесі жоқ жас радиотелефоншы біркелкі және жәйбарақат дауыспен, ренжімей: «көмек қазір сізге бара жатыр,  міндетті түрде сізге көмектесеміз деп жауап берді…»

Алғашқы ақпарат жинау – уақытылы және сапалы көмек көрсетуге ықпал ететін маңызды кезең. Өйткені, абыржулы адамдар жиі қоңырау шалады емес пе?

Түнде, ресми түрде ұйқы үзілісі болған кезде, көптеген өрт сөндірушілер ұйықтай алмайды. Әр өрт сөндіру бөлімінде радиотелефон операторының тынығуы үшін барлық жағдайлар бар – жеке бөлме, керует, бірақ тіпті көздерін жұмып жатып, радиотелефоншылар диспетчерлік пунктте болып жатқанның бәрін естіп, біліп отырады және кез-келген уақытта жылдам жұмысқа араласуға дайын.

Он жылдық тәжірибелі қызметі барысында Арыстанова Гүлзираға мыңдаған қоңыраулар түсті. Қызметте байсалдылығын жоғалтпауға және әңгімені байыпты жүргізуге оған өзінің ұстамды мінезі көмектеседі.

Бүгінгі күні аға өрт сөндіруші радиотелефонист азаматтық қорғау сержанты Арыстанова Гүлзира Алтынбекқызы Қызылорда қаласы бойынша бүкіл өрт сөндіру бөлімдері орналасқан нысандар, олардың шығу аймақтары, сондай-ақ олардың техникалық мүмкіндіктері туралы толық ақпаратқа ие. Әріптестер ол туралы оң пікірде, оны жауапты қызметкер және адал дос ретінде санайды.

Бос уақытында Гүлзира кітап оқығанды ​​ұнатады. Ол өзінің алғашқы кітабын он екі жасында Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабын оқудан бастаған екен, оны күні бүгінге дейін қайталап оқудан жалыққан емес.

Радиотелефон операторы әлде кімнің өмірі оның шешімдеріне байланысты болатындығын әрдайым есте сақтайды, сондықтан Гүлзира Алтынбекқызы өз жұмысына жоғары жауапкершілікпен қарайды.

 Қызылорда облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: