Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалықтардың дүрлігуіне не себеп?

27.03.2020, 17:47 718

Бүгін Қызылорда облысының бас дәрігері коронавирустық инфекция туралы аймақтағы ахуалды баяндады. Таң атқаннан ел түрлі ақпарат көздерінен оқыған мәліметтеріне сүйеніп, «Қызылордадан коронавирус шығыпты» деген сөзге сеніп жүр. Рас па, жалған ақпарат па?

Бірден айтайық, Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ.

 – Қызылорда облысының аумағына I (а) категория елдерінен 2020 жылдың 14 наурызынан бүгінге дейін 33 азамат Германия, БАӘ, Тайланд, Үндістаннан келген. Оның 8-і облыстық инфекциялық ауруханасының карантиндік стационар бөліміне жатқызылса, Байқоңыр ФМБА орналастырылғаны – 2 азамат. Анализ қорытындысымен КВИ анықталмады. Қалған 23 азамат үй жағдайында бақылауда.

Сондай-ақ, I (б) категория елдерінен Қызылорда облысының аумағына 2020 жылдың 14 наурызынан бүгінге дейін Оңтүстік Корея, Латвия, Ұлыбритания, АҚШ, Венгрия, Латвия, Россия, Иордания, Беларуссия елдерінен 54 адам келген. Оның 48-і қазіргі таңда үй жағдайында карантинде жатыр. 11 азамат 1 күндік карантиндік стационарда болып, анализ қорытындысымен КВИ анықталмауына байланысты стационардан үй жағдайына шығарылды. Облыстық жұқпалы аурулар аурухансына карантиндік стационарда – 3, правизорлық стационарда 1 адам жатыр. Қазалы ауданаралық ауруханасына 2 азамат түскен. Алайда анализ қорытындысынан коронавирус белгісі анықталмады, – деді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жақсылық Абдусаметов.

Айта кетейік, төтенше жағдай жариялауға мәжбүр еткен індетке шалдыққаны анықталған науқаспен қарым-қатыснаста болған еліміздің 3 азаматы бақылауға алынып, 2-еуі Қазалы ауданаралық ауруханасына, 1-еуі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына (Шымкент қаласының азаматшасы) жатқызылды. Денсаулық жағдайлары бірқалыпты. Анализ қорытындысымен оң нәтиже көрсеткен жоқ.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: