Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалықтар 42500 теңгені алып жатыр

22.07.2020, 9:25 356

HALYQLINE.KZ 21 шілде сағат 17:00-дегі жағдай бойынша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының базасы арқылы карантин уақытында табысынан айырылған облысымыздың 58 985 тұрғынына 42 500 теңге көлемінде төлем жіберіліп, бүгінде 43 482-сінің есеп шотына түсті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде мемлекеттік корпорацияның жыл көлемінде атқарған жұмыстары мен мемлекеттік қызметтерді оңтайландырудағы жаңашылдықтары бойынша өткізілген брифингінде филиал директоры Айдын Қайруллаев баяндады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік сала мамандары демалыс күндерге қарамай еңбек етіп, табысынан айырылғандарға төлемақының уақытылы төленуіне жұмыс істеуде.

Айта кетейік, бұл – тек 21 шілдедегі сағат 12:00-дегі ақпарат. Негізі өтінімдер базаға минут сайын келіп түсуде. Бұған дейін 42500 теңге алған азаматтарға 1414 арқылы СМС хабарламасы жолдануда. Егер оған дұрыс жауап берсеңіз, өтінім жолдамай тиісті төлемақы тағайындалатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 16 шілдеден бастап 42500 теңге мөлшеріндегі бір реттік көмекті төлеу бойынша автоматты түрде жәрдемақы тағайындауға жататын азаматтарға проактивті SMS тарату жұмысы басталды (БЖТ – 1414-тен SMS).

33 280 қызылордалыққа автоматты түрде SMS жолданып, табысынан айырылғандығын растау жұмыстары жүргізілді.

Осы санаттағы проактивті қызметті пайдаланбаған тұлғалар үшін өтінім қабылдау проактивті қызмет көрсету аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады (eGov.kz порталы, 42500.enbek.kz және Aitu платформасы, 18 telegram-бот).

Жеке кәсіпкер үшін, азаматтық құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін және жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар (адвокаттар, нотариустар, медиаторлар) үшін – төлемге өтінім қабылдау жұма күні, 17 шілдеде 15:00 сағаттан кейін басталды (eGov.kz порталы, 42500.enbek.kz және Aitu платформасы, Halyk және Kaspi банктердің сайттары мен мобильді қолданбалары).

Өз қызметкерлері үшін өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінім қабылдау 2020 жылғы 19 шілдеде 10:00 сағаттан басталды (eGov.kz порталы, 42500.enbek.kz).

Ескерте кететін жағдай, егер жеке кәсіпкерлікте жұмыс істеп, ақысыз еңбек демалысына жіберілсеңіз онда өтінімді жұмыс беруші жолдауы қажет. Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov электронды үкімет порталы мен 42500.enbek.kz вебсайты және Telegram-бот, kaspi.kz, HomeBank мобильді қосымшалары арқылы онлайн түрде жолдауға болады.

Жалпы, мобильді қосымшалар мен вебсайттар арқылы 29 128 өтінім келіп түсті.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: