Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордаға «Теңізшевройлдан» 169 жұмысшы келді

26.04.2020, 9:35 391

HALYQLINE.KZ –| Кеше Атырау облысындағы Теңіз кен орнынан 169 жұмысшы оралды. «Теңізшевройл» компаниясы ауру ошағы деп танылған вахталық қалашықтан қызметкерлерді қайтару туралы шешім қабылдаған.

«Атырау-Қызылорда» бағыты бойынша жұмысшылар мінген ұшақ «Қорқыт ата» әуежайына келіп қонды. Жолаушылар арасында Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен барлық ауданның тұрғындары бар.

Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының хабарламасы бойынша жұмысшылардан КВИ-ге тест сынамалары алынды. Нәтижелері теріс болып шықса, үй жағдайында бақыланады. 

Бұған дейін аймаққа 168 жұмысшы жеткізілген болатын. Сәуірдің аяғына дейін Атыраудан тағы бірнеше рейстің келуі күтіліп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: