Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада жол-көлік оқиғасы тіркелді

26.04.2020, 21:37 299 0

HALYQLINE.KZ –| «Қызылорда қаласында «КаМАЗ» жүк көлігі мен «Mazda» автокөлігі соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі жарақат алып, қалалық ауруханаға жатқызылды» деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Қорқыт ата және Жұмабаев көшелерінің қиылысында болды. «КаМАЗ» жүк көлігінің иесі солға бұрылу барысында қауіпсіздік талабын сақтамаған.

«Жүк көлігі жүргізушісіне қатысты ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған құжаттар сотқа жолданды» деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: