Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада қоғамдық көліктер толық жұмыс режиміне қосылады

10.05.2020, 21:27 876

HALYQLINE.KZ –| Өңірлік коммуникациялар қызметінде (Қызылорда) «Карантиндік ережелер» тақырыбында брифинг өтті.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов және облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымованың қатысуымен өткен жиында тұрғындар бас қатырған бірнеше сауалдың жауабы айтылды. Солардың бірі – қоғамдық көлік мәселесі. Ертеңнен, яғни 11 мамырдан бастап Қызылорда қаласында қоғамдық көліктер жұртшылыққа толық режимде қызмет көрсетпек. Мұны бас санитар брифинг барысында айтты.

Айта кетейік, бұған дейін карантиндік шектеуге байланысты маршруттар екі мезгіл ғана қатынаған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: