Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада күн райы құбылады

08.04.2020, 10:47 565

HALYQLINE.KZ –| Синоптиктер Қызылорда облысында күн райының бұзылуына байланысты ескерту жасады.

«Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша, Қызылорда облысының кей жерлерінде 8 сәуірде таңертең және күндіз, 9 сәуірде тәулік ішінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, найзағай, шаңды дауыл күтіледі.

Жел солтүстік-батыстан және батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін күрт төмендейді, оңтүстікте термометр +3 градусты көрсетеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: