Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада коронавирустан жазылғандар саны артуда

18.04.2020, 15:59 399

HALYQLINE.KZ –| Бүгін, яғни 18.04.2020 ж. күн бойынша аймағымызда коронавирус індетінен тағы 4 науқас емделіп шықты. Емделушілердің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар «Covid-19» вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйлеріне қайтарылды.

Індетті жеңген 4 науқастың 2-еуі Қармақшы ауданының, 1-еуі Жаңақорған ауданы, 1-еуі Шиелі ауданының тұрғыны. Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады. Айта кетейік, облысымызда бұған дейін 17 науқас «Covid-19» індетінен айыққан болатын. Қазіргі таңда аймағымызда барлығы 21 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: