Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада көпқабатты үйлердің қасбеттері жаңартылып жатыр

17.08.2023, 11:10 124

Маусым айынан бастап демеушілердің қолдауымен облыс орталығындағы 28 үйдің қасбеттері заманауи панелдермен қапталуда. Аталған жұмыстар жергілікті демеушілердің, атап айтқанда қала құрылысшылары мен кәсіпкерлерінің қолдауымен жүргізілуде. Кәсіпкерлердің бұл игілікті қадамы туған жерге тарту жасаудан туындаған.

Соңғы үлгідегі, сапалы материалдармен қапталған тұрғын үйлердің қасбеті шаһардың сәулеттік келбетіне жарасымды әрі суық пен ыстыққа төзімді.Бүгінде жалпы 10 үйдің, атап айтқанда, Абай даңғылындағы №41, 43, 44, 46, 54 үй, Панфилов көшесіндегі №26 үй, Мұратбаев көшесіндегі №17 үй, Желтоқсан көшесіндегі №34 үй, Сырдария шағын ауданындағы №1 және №2 тұрғын үйлердің сыртқы қасбетін әрлеу жұмыстары аяқталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: