Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 1111 азамат оқшаулану тәртібін бұзды

29.09.2021, 9:30 245

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында «Ashyq» жүйесі арқылы үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 1111 азаматты анықталды,

Облыста карантин талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу жалғасуда. Жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін мониторингтік топтардың рейдтік тексерісі нәтижесінде 14 386 нысан қамтылды. Нәтижесінде 788 карантин талабын бұзушылық анықталды. Аталған деректер бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігімен әкімшілік айыппұл салынды. Олардың жалпы сомасы 51 млн теңгені құрайды. Дегенмен карантин талаптарын бұзу әрекеттері әлі де жалғасуда. Жыл басынан бері 500-ден астам той өткізілгені анықталды.

«Облыс көлемінде «Ashyq» жүйесі үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 1111 азамат анықталды. Оның ішінде 727 адам «қызыл», 220 тұлға «сары» мәртебеге ие. Оқшаулау режимін бұзушы «қызыл» мәртебедегі азаматтарға қатысты 154 жеке тұлғаға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Оларға 7 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Анықталған «сары» мәртебесіндегі 220 тұлғаға санитариялық-індетке қарсы профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы 220 қаулы тағайындалды», Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Ведомство мәліметінше, бүгінгі күні вакциналардың 1-компонентімен екпе алғандар саны – 303 632 адам. Бұл тиісті контингенттің 75,1% құрайды. Ал 2-компонентпен 254 815 адам екпе алды.

Еске салсақ, Қызылорда облысында 3 607 нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: