Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 100-ден аса БАҚ бар

28.06.2021, 16:00 159 0

HALYQLINE.KZ Қазіргі таңда аймақта 100-ден аса бұқаралық ақпарат құралы бар. Оның ішінде, электронды – 8, ақпараттық агенттік – 3, интернет сайттар – 3, баспа БАҚ – 87. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова баяндады.

«Қалың бұқара Өздеріңізді еліміздегі төртінші билік санап, тегеурінді күш ретінде таниды. Бұл журналистердің билік пен халықты байланыстыратын мызғымас алтын көпірдің қызметін атқаратынын айғақтайды. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, күнделікті болып жатқан жаңалықтар мен оқиғалар, өзгерістер, қоғамдық ой таразысы, рухани, мәдени көзқарастар, сыни пікірлер бәрі-бәрі ақпарат құралдары арқылы елге жетіп жатыр. Демек, қандай да бір ақпарат көзінің сөзі мен ой-пікірі қоғамды қалыптастырудың әрі оны алға жетелеудің негізгі дәнекері болып табылады. Осы орайда ақпарат саласында еңбек етіп жүрген барша БАҚ өкілдерін бүгінгі кәсіби мерекемен құттықтаймын!», – деді Мира Жомартқызы.

Сонымен қатар, «Сыр Медиа» ЖШС директоры Аманжол Оңғарбаев пен «Қазақстан» РТРК» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Жағыппар Қарабала журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: