Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: «Тұңғыш Президент» саябағы маңы өртенді

22.04.2020, 22:40 769

HALYQLINE.KZ –| «Тұңғыш Президент» саябағындағы блок-пост маңында өрт оқиғасы болып жатқандығы жөнінде 22 сәуір күні 20:24 кеткенде жауапты органға хабар түскен. Өртті оқшаулауға №1 және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен №6 өрт сөндіру бөлімі жұмылдырылған.

Төтенше жағдай орнында құрылған штаб басшыларының мәліметіне сәйкес, 2 гектар жерге дейін өрт жайылған. Қазіргі таңда өрт сөндіру қызмет басшылары да оқиға орнында жұмыс атқаруда. Өрт сөндірушілердің арқасында өрт салдарынан адам өлімі жоқ.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Өрт салдарынан шеңгел, жаңғыл, жиде, тораңғыл ағаштары зардап шекті.

«Өрт «Еңбек» саяжайына жетпей оқшауланды» дейді мамандар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: