Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласында 45,7 шақырым жол жөнделуде

02.08.2022, 16:40 369

HALYQLINE.KZ Биыл Қызылорда қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында 45,7 шақырымды құрайтын 50 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

Айта кететін болсақ, қазіргі таңда 14 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Оған қоса, 8 көшенің жөндеу жұмыстары бойынша мердігер мекемемен келісім шарт жасалса, 26 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған.

Ал, 2 көшеде (Ж.Бекқожаев, Төле би) орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Мұнан өзге, ұзындығы 4,6 шақырымды құрайтын С.Бейбарыс көшесінен «Қызылжарма» каналы – Назарбаев даңғылына дейін магистральды көше құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Жобаға сәйкес, жол бойы ұзындығы 4,6 шақырымды құрайтын веложолақпен, автобус аялдамалары, жарық бағаналары және «Жібек жолы» каналы арқылы автомобиль көпірі, жаяу жүргіншілер жолы, суағарлармен қамтылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: