Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда аяқ сумен қамтамасыз етіліп жатыр

22.06.2022, 12:00 266

HALYQLINE.KZ Бүгінде қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаланы аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында қала және қалаға қарасты ауылдық округтерде 31 дана техникалық аяқ су ұңғымаларын орнату жұмыстары қарқын алды.

Техникалық ұңғыманың 12 данасы қалаға, ал қалғаны кент және ауылдық округтерде орнатылады. Аталған жұмыстарды мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып танылған «Бақ-Береке» ЖШС келісімшарт негізінде жүргізуде.

Қазіргі таңда жерасты аяқ су ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары «Арай» мөлтек ауданы (2 дана), «Қорқыт ата», «Сыр Ана» ескерткіштерінің маңы,  Қорқыт ата көшесінің аяғы,  №217 орта мектептің жанындағы және Тасбөгет кенті (Сабалақ), Қосшыңырау, Ақсуат, Ақжарма, Қызылжарма, Талсуат, Қызылөзек ауылдық округтерінде толығымен аяқталды.

Дәл осы аяқ су ұңғымалары арқылы тіршілік нәрі арық жүйелеріне толық жеткізіледі. Алайда тұрғындардың түрлі тұрмыстық, құрылыс қалдықтарын көше бойына тастауы салдарынан арық жүйелері бітеліп, аяқ судың жүруіне кедергі келтіруде. Қаламыздың жасыл желекке айналуына әрбір тұрғын баса мән беріп, тазалық жұмыстарын жүргізіп отыруы қажет. Осы орайда, қызылордалықтарды тазалық жұмыстарына барынша қолдау көрсетуге, өз үйлерінің жанындағы арық жүйелерін қоқыстан аршу шараларына белсенді қатысуға шақырамыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: