Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құтқарушылар қайырымдылық акциясына қатысты

30.04.2020, 20:23 644

HALYQLINE.KZ –| «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне», «Ораза айына» орай Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен тұрмыстық химиялық заттарды табыстап, «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясына қолдау білдірді.

Жақында Департамент бастығы Омар Бержанов тоғыз адам тұратын көп балалы отбасы мен төрт бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әйелдің отбасына барып, аталмыш көмекті табыстады.

Осы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, балаларға тәттілер, сонымен бірге инфекциядан қорғайтын маска және антисептик құралдары жеткізілді. Осындай іс-шаралар бұдан әрі қарай да аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында жалғасын табатын болады, адамдарға көмек көрсету мен құтқару – құтқарушылардың басты мақсаты!

Қызылорда облысы ТЖД Кадр саясаты бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: