Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоянбаев әлемдік рекордты өзгерте ме?

27.06.2020, 21:15 504

HALYQLINE.KZ Танымал кинорежиссер және актер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желідегі парақшасына Қазақстан туының суретін жариялау арқылы челлендж жариялады. Ол барша қазақстандықтарды посттың астына 5 миллион пікір жинауға шақырды. Мақсат – Қазақстан туының суретін инстаграм желісінде танымал ету.

«Инстаграмда бір фото 5-7 млн пікір жинап әлемдік рекорд орнатыпты. Достар, әлемдік рекордты жаңартып жібереміз бе? Әр қайсымыз 20 пікір қалдырсақ, кем дегенде 20 млн пікір жинаймыз. Осы фото әлемдегі ең танымал фотоға  айналсын! Кеттік, биікте самғасын көк байрағымыз!» деп жазды Нұрлан Қоянбаев.

Гиннесс рекордтар кітабы (The Guinness Book of Records) – әлемдік рекортар енетін жылдық жинақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: