Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қиын кезде шыдамдылық таныту – әр азаматтың парасаттылығының нышаны

10.04.2020, 10:48 666

Еліміздің тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Egemen Qazaqstan» газеті арқылы жасаған үндеуінде дүниежүзіне ауыртпашылық түсірген індетті халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында жеңіп шығатынымызды айтты.

Әрине сабырлық сақтап, қиын кезде шыдамдылық таныту әр азаматтың парасаттылығының нышаны деп ойлаймын. Тас түнек қап-қара түннің артынан шуағын төккен шұғылалы жарық күннің шығуы қандай заңдылық болса, қиындықтан соңы жақсылықтың болатыны да шындық.

Елбасымыз еліміздің материалдық ресурстары, техникасы мен азық-түлігінің жеткілікті екенін баяндады. Халық тұтастағын бұзуға осы орайды пайдаланып іріткі салушылар болатынын айтып олардан сақ болуға шақырды.

Көрші, аспан асты елінің індетті берік тәртіптің арқасында жеңгенін айтып қазақтың батыры Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген сөзін негізге ала отырып, қиын кезде сабырлық, түсініктестікпен қарап, бүгінгі індеттің алдын алуға қойылып жатқан талаптардың мүлтіксіз орындалуы арқылы жеңетінімізді жеткізуде.

Ш.ӘБДІРАХМАНОВ,

Қызылорда қалалық мәслихат депутаты,

«Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: