Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақтың қанын зерттегісі келетін ғалымсымақтарды қуу керек – тарихшы (видео)

13.05.2024, 12:00 1442

HALYQLINE.KZ

Тарихшы, этнограф Жамбыл Артықбаев «Adal Adam» You tube арнасына берген сұхбатында этностардың, әсіресе қазақтың қанын зерттеуге әуестенудің қажеті жоқ дейді.

«Этнос, мемлекет тек ғана ДНК, қан бойынша құрылмайды. Біз осы тақырыпты аса бір қабылдай беруіміздің де қажеті жоқ деп ойлаймын. Өйткені қазақ қан жағынан біркелкі халық емес. Біз әртүрлі гаплогруппаның өкіліміз. Мысалы, бірінікі ирандықтарға жақын, енді бірінікі моңғолдарға жақын. Біз Еуразия құрлығының ортасында мемлекет құрдық, этнос құрдық. Сондықтан, жан-жақтағы қандар бізге әсер етпей қоймайды. 15-ші ғасырдың басында Алтын орда құлады, Моғолстан құлады, қазақ – сол уақытта пайда болған халық. Сол мемлекеттерде жүрген тайпалардың басын қосып, сендердің түбің Алаша деп, Алаша хан, Алаш елі деп ант берген елміз. Бұлар бір атадан тараған жоқ, қаны біркелі емес. Бірақ Алаша ханға байлады. Алаша хан деген – жылқышылық дәуір, бұл біздің эрамызға дейінгі 4-мыңжылдыө, энеолит дәуірі. Сол барлық жылқы, дала халықтарын Алаша ханға байлады-дағы қазақ деген халықты қолдан жасап шығарды. Оның қанына ешкім қараған жоқ, сен мына группасың, сен мына топсың деп», – дейді.

Тарихшының айтуынша, бір әулеттің өзінде әртүрлі қан бола береді.

«Мәселен, төрелер әулетінде де әртүрлі қан бола береді. Себебі, қазақта асырап алу деген дәстүр болды. Дала тәртібі бойынша пана іздеп келген адамды сыртқа қумайды қазақ. Паналатады, бауырына басады. Жақсы болса, бала қылып алады. Біз экстремалды жағдайда өмір сүреміз, біздің табиғатымыз экстремалды. Ондай экстремалды табиғи ортада өмір сүріп жатқасын бір-бірімізге көмек көрсетуіміз керек. Асырап алуға қатысты жүздеген мысал бар. Ал ДНК зерттегіштер бүгінде бізге кедергі келтіріп жатыр. Олар төрелерге қатысты «ойнастан туған» деген бәлелерді жазып жатыр. Негізі асырап алған, ойнастан туған емес. Төрелер туралы ондай жаман сөз айтуға болмайды», – дейді ғалым.

Сонымен қатар Жамбыл Артықбаев елімізге сырттан келіп қазақтың қанын зерттейміз деген ғалымсымақтардың барлығын желкеден алып қуу керек екенін айтады.

«Оларды шекарадан ары қарай асырып жіберу керек. Қанда тек ғана гаплогруппа емес, қанда толып жатқан ақпарат – сіздің денсаулығыңыз жөнінде, ататегіңіз, сіздің қабілетіңіз жөнінде ақпарат бар. Сіз өзіңіз білмейтін ақпарат болуы мүмкін қаныңызда. Оны біреулерге зерттеткізіп, біреулерге пробаларын беріп, сыртқа шығаруға болмайды. Қан мәселесіне өте қатты қарау керек», – деді тарихшы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: