Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер

10.02.2020, 17:32 544

6 ақпан күні Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы І.Есенберлиннің туғанына 105 жыл толуына орай «Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды.

Шарада кітапханашы П.Қошкарова жазушының өмір жолымен шығармашылығына шолу жасап, «Ұлы даланың кемеңгер жазушысы» атты кітап көрмесімен және зағип оқырмандарға арналған арнаулы тифлоқұралдармен таныстырып өтті.

Сонымен қатар, С.Ысқақов атындағы «Құрылыс және бизнес» колледжінің тарих пәнінің мұғалімі А.Әлібекова, арнаулы кітапхананың кітапханашысы А.Нүрлиева, оқырмандар Н.Дәрібаева, Р.Ахатаев, Ш.Тәженовалар І.Есенберлин шығаралары туралы ойларын айтып, біртуар тұлға қазақ халқының сан ғасырлық тарихын зерттеп, көркем тілмен шебер бейнелеп, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан үздік қаламгер екендігін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: