Қазақстанда шетелге тұрақты тұруға кету үшін құжат рәсімдеу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Ішкі істер министрінің 15 мамырдағы бұйрығымен «Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға шығуға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметінің қағидалары жаңартылды.
Жаңа тәртіп бойынша азаматтар өтініш-сауалнаманы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе портал арқылы тапсыра алады. Портал арқылы жүгінген кезде өтініш электронды түрде толтырылып, құжаттардың электронды көшірмелері тіркеледі. Олар өтініш берушінің электронды цифрлық қолтаңбасымен расталады. Құжат тізімінде жеке куәлік, паспорт, балалардың туу туралы куәлігі және алименттік міндеттемелерге қатысты құжаттар қарастырылған.
Фото: Zakon.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!