Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда кафе саны көбейді

04.09.2026, 22:00 30

Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны айтарлықтай артқан. 2025 жылы ел бойынша 19 588 нысан жұмыс істеген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 17,5 пайызға көп. Бір жылдың ішінде олардың қатары 2 914 нысанға көбейген, деп хабарлайды 24KZ⁠ Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйеніп. 

Қоғамдық тамақтану орындарының ең көбі Алматыда тіркелген – 3 522 нысан. Астанада 2 761, Қарағанды облысында 1 275 тамақтану орны бар. 

Мейрамханалар саны да өскен. 2025 жылы Қазақстанда 3 024 мейрамхана жұмыс істеген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 666 нысанға көп. Мейрамхана саны бойынша Астана көш бастап тұр. Елордада 654 мейрамхана болса, Алматыда – 602, Батыс Қазақстан облысында – 248. 

Кафелер саны бір жылдың ішінде 5 202-ден 5 987-ге дейін көбейіп, өсім 15,1 пайызды құрады. Кафе саны бойынша Алматы бірінші орында – мұнда 1 036 нысан бар. Астанада 809, Қарағанды облысында 485 кафе жұмыс істейді. Асханалар саны да 5 618-ден 5 940-қа дейін өскен. 

Сонымен қатар 2025 жылы Қазақстандағы тамақтану және сусындар ұсыну саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 2,1 трлн теңгеге жеткен. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: