Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда екі телеарна ашылады

29.06.2020, 11:20 463

HALYQLINE.KZ Биыл «Абай ТВ» және «Әл-Фараби» секілді екі жаңа телеарна ашылады. Бұл телеарналар мәдениеттің байлығы мен мұрасына арналған жаңа білім беру-ағартушылық телевизиялық жоба болмақ. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті.

«Министрлік тарапынан отандық ақпарат кеңестігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен дамыту бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде. Қазіргі кезде Қазақстанда жаңа екі, яғни «Абай ТВ», «әл-Фараби» телеарналарын ашу мәселесі қарастырылып жатыр», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында.

Оның сөзіне қарағанда, «Абай ТВ» телеарнасы ертең – 30 маусымнан жұмысын бастайды. Ол «Қазақстан» ТРК» құрамына кіреді және отандық мәдениет мұрасын насихаттайтын арна болады.

Екінші тележоба – «Әл-Фараби» телеарнасы. Ол «Хабар» телеарнасының базасында жаңа оқу жылының қарсаңында көрсетіле бастайды. «Әл-Фараби» телеарнасы оқу-ағарту телевизиялық платформа болады және 6-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: