Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда аптап ыстықтан 26 адам қайтыс болды

03.08.2026, 17:25 54

Бұл туралы BES.Media басылымына Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының бас маманы Зауре Нұритдинова айтты.

Оның сөзінше, биыл ыстықтан қайтыс болғандар саны былтырғыдан әлдеқайда көп. Өткен жылы күннің ыстығына байланысты жеті адам көз жұмған.

Маманның айтуынша, аптап ыстық әсіресе қарттарға, созылмалы дерті бар адамдарға және балаларға ауыр тиген.

Дәрігер көмегіне көбіне құрылысшылар мен күні бойы далада жұмыс істейтін адамдар жүгінеді.

Зауре Нұритдинованың мәліметінше, соңғы айларда ыстыққа байланысты 30 мың адам дәрігерге қаралған. Оның 200-і ауруханаға түскен.

Айта кеткен жөн, БҰҰ аптап ыстық қазан айына дейін жалғасатынын хабарлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: