Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыдағы 2 мектепке жаңа автобус берілді

30.04.2023, 11:32 218

Кеше ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ауданға арнайы ат басын бұрып, “Бала тәрбиесі – баршаға ортақ міндет” атты кеңейтілген отырыс өтті. Мұнан соң Е.Бозғұлов атындағы №249 мектепте мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесті. Ведомство басшысының Сыр өңіріне сапары бүгін облыс орталығында қорытындыланды.

Ғани Бектайұлы Қызылорда қаласындағы бірқатар білім беру ұйымының жұмысымен танысып, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлымен бірге оқушыларды тасымалдайтын 19 автобусты табыстады.

Соның ішінде Қазалы ауданына да заманауи автобустың 2 данасы берілді. Су жаңа көлік Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің интернатында жатып, білім алатын және Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің инклюзив сыныбында оқитын балаларды күнделікті сабаққа тасымалдау үшін пайдаланылады.

Айта кетейік, бұған дейін өңірдегі 7 ауданда, мектебі жоқ 21 елді мекенде оқушыларды мектепке қауіпсіз тасымалдау өзекті болатын. Осыған орай мектептерді автобустармен жарақтандыру жөніндегі Жол картасы жасалып, 30 жаңа автобус алынды. Сыйымдылығы 20 және 40 орынға шақталған бұл автобустардың техникалық сипаттамасы заманауи талаптарға сай, көлікте қауіпсіздік талаптары толықтай ескерілген.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: