Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда «Жомарт жүрек» номинациясы табысталды

26.07.2022, 12:00 140

HALYQLINE.KZ Қазалыда жыл сайын қайырымды жандардың еңбегін елеу мақсатында «Жомарт жүрек» номинациясы ұйымдастырылады. Ол үрдіс биыл да тыс қалмады. Cенбіде аудан әкімдігінде қоғам жұмысына белсене атсалысып, әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосудан қалыс қалмаған ұйымдар мен азаматтар кезекті номинацияларымен марапатталды.

Салтанатты шарада жүрегі жомарт жандарды түрлі номинация мен алғыс хат және арнайы сыйлықпен марапаттау сәті аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаевқа бұйырыпты.

Сыйлық 5 номинация бойынша табысталды. Оның алғашқы «Жыл тұлғасы» номинациясына арнайы комиссия шешімі бойынша, Мақсұт Мұратұлы лайықты деп танылды. Мақсұт өз кезегінде сауабы мол ізгі істі мұрат еткен азамат. Ол әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеруді көздеп, 3 отбасына баспана алып берген.

Онан соң, кезекте «Жыл меценаты» номинациясы. Дүйім жұрттың назарына туған жерде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырған және аз қамтылған, көп балалы жанұялар мен ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға қол ұшын созған, мүгедектерге мен ардагерлерге көмек көрсеткені үшін «Мерей» күріш зауытының директоры Мерей Есқожаев ілікті.

Ал «Туған өлке» номинациясын елді мекендерді аббаттандыруға, денсаулық сақтау, мәдениет пен білім беру және спорт салаларына демеушілік жасаған. Әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін «Сарым-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Райымбек Болатбекұлына иемденді.

Одан кейін, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясын «Нурас и Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұркен Ботабаев қанжығалады. Ол әлеуметтік маңызы бар қайырымдылық жобаларды мен акцияларды тиімді жүзеге асырып, қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушілік жасаған жан.

Сондай-ақ, соңғы 5-ші «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясы Қоғамдық кеңес мүшесі Жәнібек Жарқынбекұлына бұйырды. Ол да аудандағы түрлі қайырымдылық шараларына белсене қатысып және волонтерлік қызметтерді ұйымдастырғаны үшін марапатталады. Қазалы аудандық «Қоғамдық кеңес» мүшесі. «Өнегелі» қоғамдық қорының бастамашыл азаматтарының бірі. Қала жастары арасында өткізілетін түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралардың белсенді ұйымдастырушысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: