Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда жаңа балалар ойын алаңы пайдалануға берілді

17.10.2022, 9:45 417

HALYQLINE.KZ Балалар жылы аясында «Строй Модуль Астана» ЖШС өз қаражаты есебінен Әйтеке би кентінен ойын алаңын салып берді.

Мұнда балалар үшін сырғанақ, әткеншек сияқты ойын жабдықтары мен  әртүрлі спорт құрылғылары орнатылған.

Бұл балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануына мол мүмкіндік береді.

Ойын алаңдарын орнату жұмыстарын жергілікті жеке кәсіпкер Жасұлан Шамұратов жүргізді.

Бүгін аудандық оқушылар үйінің ауласынан салынған жаңа балалар ойын алаңының ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындардың қуанышымен бөлісіп, игілікті іске ұйытқы болған жеке кәсіпкерге алғысын білдірді.

Мұнан соң Әйтеке би кентінің тұрғыны Нағима Қарымсақова жаңадан салынған алаңда асыр салып ойнаған балалардың атынан ризашылығын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: