Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалы ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

07.02.2023, 16:35 213

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың тұрғындармен кездесуі басталды. Аудан басшысы алдымен Басықара ауылының халқымен жүздесті. Ауданда 2022 жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, биылғы жоспарлармен бөлісті. Сондай-ақ, аудан әкімі өткен жылғы кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалу барысына да тоқталды.  

Кездесу барысында ауыл тұрғындары елді мекеннің көгілдір отынға қосылғанына қуанышты екендіктерін жеткізіп, абаттандыру жұмыстарын күтіп ұстау, электр желілерін жаңарту, жайылымдық жерді заңдастырып беру, спорт кешені мен балабақша ғимаратын салу, қоғамдық көлік мәселелерін көтерді. Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы тұрғындар көтерген мәселелердің әрбіріне жеке-жеке тоқталып, сұрақтарға жауап берді.

Кездесуден кейін аудан басшысы жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдады.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың халықпен кездесуі Жалаңтөс батыр және Қ.Пірімов ауылдарында жалғасты. Кездесуде аудан басшысы өткен жылғы жұмыстардың қорытындысын баяндады. Тұрғындарды тыңдап, алда атқарылатын межелерді белгіледі.

Бүгінгі күні екі ауыл да көгілдір отын игілігін көріп отыр. Ендігі кезекте әлеуметтік нысандарды газға бейімдеу үшін құжаттары әзірленуде.

Сонымен қатар, қос ауылда да жеке тұрғын үйлерді электрмен жабдықтау және 4 көшеден жөндеуге жобасы әзірленуде.

 Өткен жылы Қ.Пірімов ауылынан спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл орталық саябақтағы спорт алаңы жөнделмек. Ал Жалаңтөс батыр ауылынан спорт кешені мен Шитүбек елді мекенінен медициналық бекет құрылысын салу үшін жоба құжаттары  дайындалды.

Бұдан бөлек, «Әйтеке би-Басықара» көпірі қайта жаңартылып, автомобиль жолы жөнделді.

Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді Мұхтар Әуесұлы мұқият тыңдап, жауап берді. Халықтың айтқан әрбір ұсынысын үнемі назарда ұстап, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

Кездесуден кейін тұрғындар аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың жеке қабылдауында болып, ұсыныстар мен өтініштерін жеткізді. Тұрғындар жұмыспен қамту, тұрғын үй кезектілігі, ауылдық жерде кәсіп ашу бойынша мәселелер көтерді. Мұхтар Әуесұлы барлық өтініштер заңға сәйкес сараланып, тиісті жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: