Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалы ауданындағы инфрақұрылымдық жобалар сараланды

06.06.2026, 21:11 35

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Қазалы ауданына жұмыс сапары аясында Жанкент ауылының тұрғындарымен кездесіп, “Руханият орталығында» аудан активін өткізді.

Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы негізгі міндеттер талқыланды.

Аймақ басшысы аудан әкімдігіне инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды, су үнемдеу технологияларын тиімді пайдалануды, құрылыс сапасы мен мерзімін қатаң бақылауды, инфрақұрылымдық жобалардың уақытылы аяқталуын қадағалауды тапсырды.

Соңғы төрт жылда Қазалы ауданында 280 пәтер тұрғындар игілігіне берілді. Осы ретте салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары мен құрылыс бөлімінің басшысы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысының сапасына ерекше назар аударып, тұрақты бақылауы қажет.

Қазалы ауданын газдандыру деңгейі бүгінде 75 пайызға жеткен. Биыл Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев елді мекендерін газдандыруға республикалық бюджеттен 680 млн теңге бөлініп, жұмыс басталды. Сонымен қатар құжаттары дайын алты ауылды газдандыру жобасын энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен, салалық министрліктермен бірлесіп үйлестіру тапсырылды.

Аудандағы маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Қарлаң» көпірінің құрылысы. Былтыр оған 6,3 млрд теңге, биыл облыстық бюджеттен 2,2 млрд теңге бөлініп, жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілуде. Мұрат Нәлқожаұлы жауапты сала басшыларына жұмыс барысын тұрақты бақылауды, белгіленген мерзімде пайдалануға беруді тапсырды.

Әрі қарай аймақ басшысы “Руханият орталығында» ауданның белсенді жастарымен кездесіп, олардың тың жобаларымен танысты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: