Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшының әкімі ел алдында есеп берді

08.08.2022, 10:45 334

HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданының әкімі Әділбек Ерсұлтанов ел алдында есеп беру жиынын аудан орталығы Жосалы кентінде қорытындылады. Биылғы жылы Жосалы кентіндегі өзекті саналатын жол мәселесіне байланысты жүйелі жұмыстар жүргізілмек.

Атап айтқанда, Жосалы кентінің 10 топырақты көшесіне орташа жөндеу жұмыстары басталып, үнемделген қаржыға қосымша 6 көшеге және аудандық бюджеттен 2 көшеге жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Одан бөлек Тайшық би көшесінде «Сыр сүлейлері» аллеясын және бұрынғы «Марал баба» мешітінің орналасқан орнына демалыс алаңын салу жұмыстары атқарылуда. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2023 жылға жүзеге асыру мақсатында 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, бюджеттік өтінім тапсырылды.

Сондай-ақ Амангелді көшесіне (тротуар, лоток, аялдама) орташа жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылатын болады. Одан бөлек, оқушыларға білім алуға қолайлы жағдай жасау үшін 3 білім беру ордасына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқанын және Жосалы кентіндегі Шығыс каналына темір бетонды лоток орнату жұмыстары мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер анықталып, лоток орнату жұмыстары жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Жиын соңында аудан басшысы өңір экономикасы мен халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасын таба беретінін жеткізіп, әрі қарай тұрғындардың қойған сұрақтары мен ұсыныс-пікірлеріне жауап берді.

Сұрақ-жауап кезінде тұрғындар көше бойындағы жарық шамдардың толық әрі дұрыс жанбауы, жолдарды жөндеу бойынша сұрақтар талқыға түсті. Айтылған мәселелерге орай аудан әкімі тиісті бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріді. Жиын соңында аудан тұрғындары табысты атқарылған жұмыстарға оң бағаларын беріп, аудан әкімінің алда атқарылатын жұмысына сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: