Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшылықтар коронавирустан толық айықты

24.04.2020, 16:13 383

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 55 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қармақшы, Сырдария және Шиелі ауданының тұрғындары.

24 сәуір 15:30-дағы ақпарат бойынша, Қызылорда облысында тағы 9 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Осылайша, қауіпті індеттен айыққандар саны өңірде 55 адамға жетіп отыр. Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Қызылорда қаласында – 9, Жаңақорған ауданында – 16, Шиелі ауданында – 23, Қармақшы ауданында – 4, Сырдария ауданында – 3 адам осы індеттен емделіп, үйліне шығарылған.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: