Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшыда құрылысшылар марапатталды

10.08.2020, 9:50 658

HALYQLINE.KZ Аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев «Құрылысшылар күні» кәсіби мерекесіне орай құрылыс саласының дамуына үлес қосып жатырған бірқатар сала мамандарын құттықтады.

Құрылысшының жұмысы – ғасырлар бойы сақталатын мұра. Сондықтан, құрылысшы құрметті де мәртебелі мамандық. Қазақстандықтарды сапалы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, инженерлік, өндірістік және көлік инфрақұрылымын салу жөніндегі мемлекеттік міндеттердің сәтті шешімі құрылысшылардың біліктілігі мен шеберлігіне байланысты.

Бүгінгі кәсіби мерекеде «Қармақшы-Құрылыс» ЖШС Алдажаров Нұрболға, «ПрофСтрой КЗ» ЖШС Садуов Баубекке, Жеке кәсіпкер «Құрманбаева» ЖК Әбдіқасов Науанға аудан әкімінің және «Ерзат» ЖШС директоры Енбаев Серікке облыс әкімінің «Алғыс хаттары» табысталды.

Ауданымызда құрылыс саласының қарқынды дамуының жарқын дәлелі «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік нысандарда кітапханалар мен мектептерде қайта жаңғырту жұмыстарының жүргізілуі. Сонымен бірге, бағдарлама аясында елді-мекендердегі 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары, 2 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуға, 14 көшеге жарықтандыру жұмыстары, 3 нысанға абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Жосалы кенті мен Төретам кентіне спорттық тренажерлық және стритболдық алаңдарының құрылысы мен Төретам кентіндегі 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыты өлкеміздің инженерлік-көліктік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: