Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі «Қазақ саңыраулар қоғамы» мүшелерінің мәселесін тыңдады

23.01.2024, 17:24 179

Қала әкімі Серік Қожаниязов қаладағы мәселесі кезек күттірмей шешуді қажет ететін нысандардың өкілдерімен кездесіп, шаһарды аралауды жалғастыруда. Ол апта басында облыс орталығындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтармен, зейнеткерлермен, ардагерлер ұйымының өкілдерімен кездесіп, мәселесі мен қажеттіліктерін тыңдады. Тарқатсақ.

Алдымен Серік Салауатұлы «Қазақ саңыраулар қоғамының» Қызылорда облыстық филиалына барып, құлақ мүкістігі бар адамдардың жанайқайын, қажеттіліктерін, орталыққа қандай қолдау мен көмек қажет екенін тыңдады.

  • Осы жерде құлағы естімейтін кісілердің мәселелері қаралып, іс-шаралары өтеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл ғимарат заманға сай жабдықталмаған. Өзіміздегі қаржының аздығына байланысты ондай жағдай жасай алмай отырмыз әрі бізге келетін құлағы естімейтін азаматтарға да көмектесе алмай келеміз.  Қызылордада облыстық саңыраулар қоғамының өз мекемесі бар. Яғни ол құлағы нашар еститін кісілердің жұмыс істейтін жері. Ол жер 3-4 жылдан бері жұмыс істемейді. Негізі үкімет тарапынан қаржыландыру керек қой, бізді. Қаржы болмағандықтан, осындай жағдайда тұрмыз. Есепте тұрғандардың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оларды қоғамдық жұмысқа қабылдап жатқан жандар бар. 148 адамды түрлі мекемеге қоғамдық жұмыспен орналастырдық. Қолымыздан келгенше осы құлағы ның мүкісі бар кісілердің жағдайын жасап жатырмыз. Бірақ жағдайымыз өте нашар. Осы саңырауларға арналған ғимаратымызды жөндеуден өткізіп, қайтадан жаңалап ашып берсек, олардың екі қолына бір күрек те, қолы боста келетін орны да болушы еді. Өйткені бұлар қалауын жеткізе алмайды. Кәдімгі адамдар қолмен жасаған қимылды түсінбейді. Оларға бірге жиналып бір-бірімен жақын әңгіме айтуына жағдай жасалса, сол басты арманымыз, – деді  «Қазақ саңыраулар қоғамы» Қызылорда облыстық филиалының басшысы Алтынкүл Айдарбекқызы.

Қала әкімі Серік Салауатұлы мәселелерді тыңдап, бұл мәселені заң аясында шешуге көмектесетінін мәлімдеді. Алдағы күндері 3-4 жыл бұрын жұмысы тоқтаған ескі ғимаратқа барып, жағдайын көріп, қажет болса, құрылысына көмек көрсететінін жеткізді.

Қоғамдық бірлестіктің қызметтік бағыты – саңыраулар қоғамы естуі бойынша мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істеу арқылы, олардың мүдделерін білдіру, заңды құқықтарын қорғау, әлеуметтік оңалтуды жүзеге асырады. Мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық өмірге тартады.

 «Қазақ саңыраулар қоғамының» Қызылорда облыстық филиалы Қызылорда қаласы бойынша 187 мүгедектігі бар адамға  17 ымдау тілінің мамандары қызмет көрсеті. 2024 жылы қоғамдық бірлестікке 10 мүгедектігі бар адам қоғамдық жұмысқа қабылданған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: