Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полицияға психологиялық тұрғыда қолдау көрсетілуде

24.04.2020, 13:14 484

HALYQLINE.KZ –| Қазіргі таңда Елімізде енгізілген төтенше жағдай режимінде алдыңғы шепте тұрған полиция қызметкерлерін психологиялық тұрғыдан қолдау мәселесі өзекті болып отыр.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметі стресстік факторлардың, әсер етуші факторлардың әсерімен сипатталады. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ерекше кезеңде өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін орындау барысында стресске түсулері әбден мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің психолог мамандары тиісті қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыруда.

Психолог мамандар блок-бекеттеріне шығу арқылы, жеке құрамды «Экстремалды және әртүрлі жағдайларда қызметкердің іс-әрекеті», «Қақтығыс жағдайлардың алдын алу және шешу жолдары» тақырыбындағы әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіп, жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек блок-бекеттердегі полицейлерге жеке консультациялық кеңестер берді және релаксациялық «Майнд машина» құрылғысын пайдалана отырып, әр түрлі формадағы стресске қарсы тұра білуге бағытталған терапиялық жұмыстар ұйымдастырды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: