Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полиция баспадан журналистің Қаңтар оқиғасы туралы шығатын кітабын сұраған

24.01.2024, 11:55 237

HALYQLINE.KZ

Журналист Данияр Молдабеков Қаңтар оқиғасы туралы кітабын шығарып жатқан баспаға «құқық қорғау органдары» барып, кітапты «оқуға сұрағанын» жазды.

«Қазір ғана Қаңтар оқиғасы жөніндегі кітабымды басып жатқан баспаға құқық қорғау органдары келіп, «кітапты оқуға сұрағанын» айтты. Мен «бермеңдер» дедім», – деп жазды Молдабеков telegram-каналына.

Осының алдында Данияр Молдабеков Қаңтар оқиғасының екі жылдығына орай «Қаңтар жылы» деген кітабын шығаратынын айтып, кітабын онлайн дүкеннен тапсырыс беруге болатынын жариялаған.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: