Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Парасаттылық мектептері жас ұрпақты адалдыққа жетелейді

07.04.2020, 10:26 944

HALYQLINE.KZ –| Қазіргі уақытта қоғам маңызды жаһандық проблемаларға толы. Экономикалық, технологиялық және ғылыми прогресс өркениет құндылықтарынан, рухани-адамгершілік дамуынан әлдеқайда жоғары тұрған заман. Ғылым мен техниканың жетістіктері адамзат игілігіне де, оның зиянына да тап болуда.

Осыған байланысты ұлы ойшыл Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз білім адамгершілік бастамасына зиян тигізуі мүмкін, пайда әкелмейді» деген ойлары санаға маңызды ой салады.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің тұрақты дамуына қауіп және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу тек үкіметтің ғана емес, әркімнің міндеті болуы керек …» деген болатын.

Бүгінде, біздің еліміз жас ұрпақ, жастар үшін үлкен мүмкіндіктер жасауда. Үкімет қазақстандық жастардың лайықты өмірін қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыс атқаруда.

Жастар саясатының басымдықтары Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясының басты мақсаттарының бірі болып табылған.

Тіпті жыл сайынғы Жолдауда жас ұрпаққа: «Егерде Сіздер жақсы оқып, білім алып, өмір бойы өзін-өзі дамытып, болашаққа деген барлық үміттерімізді ақтап, биік белестерге жетеді деген ойдамыз» деген ой да айтылады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен Ізгілікке, парасаттылыққа, тазалыққа, адалдық қағидаттарына баулу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау мақсатында республика бойынша білім беру ұйымдарында парасаттылық мектептері ашылған болатын.

2019 жылдың 29 қарашасында Сыр еліне іссапар барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Парасаттылық мектебінің» орталық кабинеті ашылып, жұмыс істеуде.

Осыған орай, Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Саналы ұрпақ» (ЖОО мен колледждерде) және «Адал ұрпақ» (мектептерде) клубтары ашылып, бүгінде еріктілер клубының облыс бойынша 30 мыңнан астам белсенді мүшесі бар, сондай-ақ облыстағы жалпы білім беру орта мектептерінде, мемлекеттік колледждерде және 3 жоғары оқу орындарында парасаттылық мектебі жұмыс істеуде.

Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және облыстық білім басқармасының басшылығы Қызылорда қаласындағы №3 ІТ мектебінің базасында «Адалдық сағат»интерактивті сабақтарын жүйелі түрде өткізуде.

«Адалдық сағаттары» сынып сағаттарында қоғам мүшелері ретінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты халықтың, оның ішінде жас ұрпақтың арасында қалыптастыруға белсенді қатысуға тиістігі айтылады. Жалпы, іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Сабақ барысында оқушыларды өмірде жетістікке жету үшін адал еңбек етудің маңыздылығын түсіндіріп, қоғамда ұмытылып бара жатқан тәрбиелік маңызы бар құндылықтарды сақтауға шақыру.

Аталған іс-шараға «Nur Otan» партиясының, үкіметтік емес ұйымдарының, ардагерлер алқасының және әкелер кеңесінің мүшелері, сондай-ақ басқа да қоғам белсенділері қатысуда.

Адалдық сабақтарында облыстағы жалпы 293 орта мектептің 130-ға жуығы, яғни қала және барлық аудандар аралығындағы мектептер бейнеконференц байланыс арқылы қосылып, 6000 жуық оқушы қатыстырылып, олардың сұрақтарына жауаптар берілуде.

Жастар – Қазақстанның болашағының негізгі қозғаушы күші, аға буынның лайықты өзгеруі.

Сондықтан, Парасаттылық мектептерінің жұмысы одан әрі жандандырылады деп сенім білдіреміз.

Нұғман Үсенұлы,

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Қызылорда облысы бойынша департаменті

Превенция және парасаттылық басқармасының

бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: