Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

  • USD: 419.66 (0)

  • EUR: 500.44 (0)

  • RUB: 5.62 (0)

Отыз жаста жасанды тіс киетін болады

16.04.2020, 10:53 439 0

Мамандығым – стоматолог. 35 жылдан аса осы саланың нанын жеп келемін. Сондықтан болар, бұл саланың, саланың ғана емес, әрбір баланың денсаулығы мені қатты алаңдатады. Иә, рас бізге тек кәсіпкер ретінде қарайтындар көп. Ал, біздің басты мақсатымыз – өз мамандығымыздың жемісін адал жеу. Кәсіпкерлікті біз таңдап алған жоқпыз, саланың бағыты солай, осы арнаға өзі өзгерді.

2006 жылы екі мектепке лицензия алып жұмыс істедік. Сәулет ықшам ауданындағы №12 мектепке 18.04.2006 жылы (лицензия №00044DN), С.Торайғыров көшесі №67 мекенжайда орналасқан №43 мектепке 18.04.2006 жылы лицензия (№00044DN) алғанмын. Қазір сол мектептердегі кабинеттер жабық. Кәсіпкерге бұрынғы алған мерзімсіз лицензиямен жұмыс істеуге рұқсат берілмей отыр. Мектептегі стоматология кабинеті неге ашылмайды? Себебі белгісіз. Қаржы бөлімі мектеп директорына, олар облыстық білім басқармасына сілтейді. Қысқасы, бір-біріне.

Қандай ауру болса да, ауыздан басталады. Қазір алдыма келген балалардың ауыз қуысындағы ауруларды көріп, олардың 30-40 жасында-ақ жасанды тіс (протез) киетінін болжауға болады. Жасөспірім балалардың арасында аурушаңдықтың (кариестің) таралуы – статистика бойынша 70-90 пайыз. Аурушаңдықтың алдын алудың бірден-бір жолы – профилактикалық жұмыс жүргізу.

Оны шешудің жолы қандай?

1. Мектептерде кабинет ашу;

2. Санитарлық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;

3. Профилактикамен айналысу;

4. Тіс қатарын жаппай минералдау, тіс эмалының кариестен қорғау қасиетін арттыру;

5. Мектепке дейінгі балалармен үгіт-насихат жұмысын жүргізу;

6. Тіс гигиенистке штат ашып, МӘМС жүйесіне енгізу.

Кәсіби маман ретінде балалардың ауыз қуысындағы аурулары дабыл қағатын дәрежеде екенін айтқым келеді. Осыған орай, облыстағы билік өкілдері, жауапты мамандар болашақ балаларымыздың денсаулығына бейжай қарамайды деп сенім артамын.

Дүйсенкүл  ТӘЖІКОВА,

стоматолог,  кәсіпкер

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: