Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқушылар заңмен тыйым салынған ақпаратқа еркін қол жеткізді

12.08.2023, 10:10 179

HALYQLINE.KZ

Жалағаш ауданының прокуратурасы білім беру саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды  Halyqline.kz Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөзіне сілтеме жасап.

Талдау нәтижесімен ауданның барлық мектептерінде білім алушылардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратқа еркін қол жетімділік бар екендігі анықталды.

Атап айтқанда, Жаңаталап ауылындағы №119 орта мектепте сабақ уақыты 9:45 шамасында веб-браузер көмегімен порно сайтты іздеу жүзеге асырылған, ал ауданның басқа мектептерінде заңнамамен тыйым салынған ақпаратқа (порно сайттар, құмар ойындарға арналған сайттар және т.б.) еркін қол жетімділік бар екені белгілі болды.

Осыған қарамастан, жалпы білім беру мектептерінің басшылығы «Білім туралы» Заңның 43-бабы 3-тармағының 11-3 тармақшасының талабын сақтамай, балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған байланыс операторларының қызметтерін қосуды қамтамасыз етпеген.

Өз кезегінде «Қазақтелеком» АҚ байланыс операторы түрлі тарифтер шеңберінде тыйым салынған сайттарға кіруді шектеу (бұғаттау) қызметтерін көрсетуде.

Аудан прокуратурасының ұсынуы бойынша өңірдегі барлық 20 мектептің басшылығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 345000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, ауданның 8 мектебі байланыс операторымен жаңа шарттар жасасты. Ал 12 мектепке бюджеттен 7,5 млн теңге бөлінді.

Аталған бұзушылықтар оқу жылы басталғанға дейін жойылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: