Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста жол-көлік оқиғалары 78 пайызға азайды

14.02.2023, 15:55 443

Аймақта жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жаңадан 439 жол белгілері орнатылып, 14 көшенің қиылысына жаңа бағдаршамдар орнатылды. Сонымен қатар жылдамдықты шектен тыс асырғандарды автоматты түрде анықтайтын «Ekin Patrol G2» зияткерлік құрылғысы қолданысқа енгізілгелі бір ай көлемінде жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер 78 пайызға төмендеді. Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОПД жергілікті полиция басқармасының бастығы Бауыржан Ибраев мәлімдеді.

Облысымыздағы жол қозғалысының қауіпсіздігі – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Өздеріңізге белгілі, жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – көлік тізгіндеушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережелеріне бей-жай қарауынан болады. Осы ретте біздің қызметкерлер күнделікті жол қозғалысын бақылауда ұстайды. Сондай-ақ, орталық көшелер бойында орналасқан мектептер жанындағы жаяу жүргіншілер өткелдеріне патрульдік және ювеналды полиция инспекторлары қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Жалпы өткен жылы жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендер 4,2 пайызға кеміді. Ал соңғы бір ай көлемінде автоматтандырылған құрылғылардың қолданысқа енгізу нәтижесінде оқыс оқиғалар азайды. Атап айтқанда, облыста қайтыс болғандар 61 пайызға, оның ішінде республикалық жолда опат болғандар 50 пайызға кеміді. Ал жылдамдықты асыру себебінен зардап шеккендер 78 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, биыл масаң күйде көлік тізгіндегендер тіркелген жоқ, – деді ОПД жергілікті полиция басқармасының бастығы Бауыржан Ибраев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: