Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста мыңға жуық ана онлайн түрде жәрдемақы алған

22.04.2020, 15:14 378

HALYQLINE.KZ –| Облыста төтенше жағдай басталған уақыттан бері 1000-ға жуық ана бала туған кездегі бір реттік жәрдемақысы мен 1 жасқа дейінгі төлемақыны онлайн түрде рәсімдеген.

Аталмыш жәрдемақыны онлайн форматта оңай рәсімдеген аналардың бірі – Алмагүл Ниязбаева. Алмагүл – бүгінде бірінші бөбегін бауырына басқан жас ана. Ол алғашында декреттік төлемдерді тағайындау үшін көп құжат қажет деп ойлаған. Алайда қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің басым көпшілігі онлайн форматқа ауысқанын білген соң, электронды үкімет порталы арқылы небәрі 10 минуттың ішінде бүкіл жұмысын бітірген айтады.

«Қазіргі таңда жүктілікке және босануға байланысты жәрдемақыны рәсімдеу реті біраз жеңілдетілген. Бұрыңғыдай қағаз дайындап, ХҚО-ға барып, кезекке тұрудың еш қажеттілігі жоқ. Қазір барлық қызметтерді онлайн түрде алуға мүмкіндік бар. Үйден отырып egov.kz порталы мен мобильді қосымшалардың көмегімен демде қызметтерді алуға болады» – дейді жас ана.

Айта кету керек, бала күтімі бойынша демалысқа шыққан әйелдер egov.kz порталындағы электронды өтініштер сервисін пайдаланады. Онда жеке басын куәләндіратын құжаты мен жұмыс істеу қабілетінен айрылу парағының скан көшірмесін және де төлем аударылымына арналған банк шотын қоса жолдауы тиіс.

Сондай-ақ, порталды пайдалану үшін электронды цифрлы қолтаңба ЭЦҚ болуы шарт және де оны үйде отырып-ақ рәсімдеуге болады. Сонымен қатар, мобильді азаматтар базасында тіркелген аналар проактив қызметін пайдалана алады. Бұл қызмет арқылы баланың туу-туралы куәлігі мен тіпті сәбиді балабақша кезегіне қоюға болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: