Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс бойынша 28 мыңнан астам ағаш көшеттер таратылып, егілді

11.04.2024, 14:00 177


Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында 5 жыл ішінде елді мекендерге 15 млн түп ағаш отырғызуды тапсырған болатын. Осыған сәйкес, Қызылорда облысының елді мекендерін көгалдандырудың және жасыл аймақтар құрудың 2021-2025 жылдарға арналған өңіраралық жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес 2024 жылы елді мекендер аумағында 100,1 мың дана, жасыл аймақ құру бойынша 108,6 мың дана ағаш көшеттерін егу жоспарланып отыр.

Облыс бойынша орман молықтыру және жергілікті жердегі көгалдандыру жұмыстарына қажетті көшеттермен қамтамасыз ету үшін 8 орман шаруашылығы мекемелерінде 158 га уақытша тұқымбақтар орналасқан. Барлығы 17,5 млн. дана әртүрлі жергілікті жерге жерсіндірілген саялы ағаш (үйеңкі, шаған, қаратал, айлант, катальпа, сырталы, терек, жиде, легиструм) және сексеуіл көшеттері өсірілуде.

Жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбағында өсірілген терек, қаратал, үйеңкі, айлант, катальпа секілді облыс бойынша 28 мыңнан астам ағаш көшеттері таратылып, егілді.
Бұдан бөлек, Қызылорда-Жезқазған бағытындағы автожолының бойында 3 000 га алаңда Жасыл аймақ құру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда бұл жұмыс толығымен аяқталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: