Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі тосқауыл бекетінің жұмысымен танысты

01.04.2020, 12:15 275 0

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Шиелі-Қызылорда» тасжолына қойылған тосқауыл бекетіне барды. Карантин жағдайында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы есеп берді.

«Қазіргі таңда қала бойынша 6 тосқауыл бекеті қойылды. Әр бекетке әскери бөлімнің 14 қызметкері бекітілген. 10 адамдық шатыр тігілген. 1 арнайы техника мен адам тасуға арналған көлік те қарастырылған», – деді басқарма басшысы.

Тосқауыл бекеттерінің жұмыс істеу тәртібі бекітілген. Облыстық полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының мамандары тәулік бойы қызмет атқарады.

Облыс әкімі карантин талаптарын қатаң сақтауды міндеттеді. Тосқауыл бекеттеріндегі қызметкерлердің ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін де басты назарда ұстау қажеттігін тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

# Үйде болыңыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: