Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұрлыбек Нәлібаев: «3 жылда 32 мектеп салынады»

26.08.2022, 13:20 633

HALYQLINE.KZ Жаңа мектеп салу, апатты және үш ауысымды жою – білім саласындағы басым бағыттардың бірі. Бүгінде аймақтағы 6 мектептің үш ауысымға өту қаупі бар, ал 4 апатты деп танылған 3 мектептің мәселесі биыл шешімін тапты. Оның екеуі қыркүйекте табысталады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» педагогикалық тамыз кеңесінің пленарлық мәжілісінде мәлімдеді.

«Арал ауданы Тоқабай ауылындағы апатты мектеп әкімдіктің ұйымдастыруымен жеке инвестор есебінен салынуда. Қазалы ауданындағы №94 мектептің жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Аймақтағы демографиялық өсімді ескере келе, алдағы 3 жылда аймақта 20 мемлекеттік мектептің іргетасын қалаймыз. Бүгінгі күні демеушілердің өз қаражатына салынған жеке мектептердің желісі 20-ға жетті. Алдағы жылдары инвестор есебінен тағы 12 мектеп салынатын болады. 

Ал, биылдың өзінде облыста 6 жаңа мектеп бой көтереді,оның 2-еуін келер айда, қалған 4-еуін жыл соңына дейін пайдалануға береміз. Бұған қоса 6 мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен – 2,1 млрд.теңге қаралды. Әрбір нысан уақытылы әрі сапалы аяқталуына мердігерлер мен мектеп директорлары мүдделі болуы тиіс!», – деді аймақ басшысы.

Жыл сайын мектептерде орын тапшылығы туындайтыны жасырын емес.

Нұрлыбек Мәшбекұлының айтуынша жыл аяғына дейін қаладағы Абай мектебіне 550, №101 мектепке 375 орынға лайықталған қосымша құрылыс салынбақ. Осы арқылы көп жылдардан бері шешімін таппаған бұл мектептегі үш ауысымға ауысу қаупіндегі мәселе түбегейлі шешіледі.

«Ал, келесі жылы облыс орталығындағы бала саны көп №3 лицейге 300, №264 мектепке 600 орындық қосымша ғимарат құрылысын бастаймыз. Бұған облыстық бюджеттен жоба-сметалық құжаттарды әзірлеуге қажет қаржы бөлдік.

Жерлестеріміз үшін тағы бір жағымды жаңалық, 2024 жылы Арай, СПМК-70 мөлтек аудандары мен Сырдарияның сол жағалауында жаңа мектептер бой көтеретін болады», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: