Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нашақорлықтың алдын алу және интернеттегі есірткі насихатын тоқтату мәселелері қаралды

01.06.2026, 19:34 36

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Ведомствоаралық жиында нашақорлықтың, есірткі қылмысының және интернет кеңістігіндегі есірткі насихатының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте осы және өзге де мәселелерге орай жауапты сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Атап айтқанда, интернет кеңістігіндегі есірткі насихатына қарсы мониторингті күшейту, әлеуметтік желілер мен цифрлық платформалардағы заңсыз контентке жедел әрекет ету керек. Сондай-ақ есірткі таратудың жаңа арналарын анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық шараларды жандандыру міндеттелді.
Отырыста жастар мен жасөспірімдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, тәуекел топтарымен жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізу қажеттігі сөз болды. Бұл бағыттағы шаралар Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің тұрақты бақылауында.
Күн тәртібінде мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер де қарастырылды. Есірткіні, психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта қолдану, масаң күйде көлік басқару мемлекеттік қызметшінің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық ретінде танылады. Ал жұмыс орнына масаң күйде келу, медициналық куәландырудан бас тарту қызметтен босатуға негіз болады.
Жазғы демалыс маусымында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды. Осыған байланысты демалыс орындарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілмек. Талапқа сай емес нысандардың қызметін шектеу, жол-көлік қауіпсіздігін күшейту және жазатайым оқиғалардың алдын алуда түсіндірме жұмысын жүргізу тапсырылды.
Кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта қадағалау үшін рейдтік іс-шаралар өткізу, қоғамдық қауіпсіздік назардан тыс қалмауы тиіс.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: