Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мөлдір Әуелбекова «вирус» жұқтырды

15.05.2020, 8:10 2168

HALYQLINE.KZ Әнші «Махаббат — жұқпалы ауру» деп жазып, сол арқылы қазір біреумен кездесіп жүргенін білдіргісі келді.

Қазақстандық танымал әнші жаңа жазбасын жариялап, өзінің жанкүйерлерінің қызығушылығын оятты. Ол Instagram желісіндегі парақшасында жас жігітпен қол ұстасып отырған суретін жариялады. Бірақ, әнші өзінің ғашық екенін тұспалдап жеткізді. «КешYOU» тобының бұрынғы солисі түсініксіз жазба қалдырып, махаббатты жұқпалы ауруға теңеді.

«МАХАББАТ – жұқпалы ауру! Жұғу жолдары: вирустары көз арқылы кiрiп журекке әсер етедi. Белгiлерi: күндiз күлкі жоқ, түнде ұйқы жоқ, тамаққа тәбеті жоқ. Күтiмi: күнде кездесу. Емi — үйлену!», – деп жазды Мөлдір.

Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова 2015 жылы тұрмысқа шықты, бірақ некесі сәтсіз болды. Олар заң жүзінде ажырасып кетті. Әнші баласына 5 ай толған кезде күйеуі Арыстанның отбасын тастап кетіп қалғанын айтты. Ол содан бері баласын жалғыз тәрбиелеуде, бұрынғы күйеуінің өзімен де, оның отбасымен де араласпайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: