Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Министрмен білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

27.02.2024, 11:30 319

Еліміздің Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда мен Жамбыл облыстары және Шымкент қаласы мектептерінің директорларымен кездесу өткізген болатын.

Жиында өрбіген өзекті мәселе орта білім берудегі озық тәжірибе мен оқу үдерісін жүйелеу мен насихаттауға арналған “Заманауи мектепті басқару: трендтер мен болашақ” тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Үш аймақтың бас ұстаздары мен мектеп басшыларының басын қосқан алаңда спикерлер балалардың қамтамасыз ету, жайлы орта құру, цифрландыру, тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыру, инклюзивті білім беру және т.б. мәселелерді қозғады және білім беру сапасын арттыру бағытында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан міндеттер мен шаралар туралы айтылды.

Кездесудің TEDx форматындағы кезеңінде ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев отандық білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды. Педагогтерді кәсіби дамыту жүйесі түбегейлі өзгеретіндігін, қазіргі тәжірибелі топ-менеджерлер «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге тағылымдамадан өтуге жіберілетіндігін, педагогтерді қолдау шаралары жалғасатындығын айтты. Министр мұнымен қоса осы жылдан бастап білім беру қызметкерлерін көтермелеу жүйесі, сондай-ақ білім беру ұйымдары басшылары мен олардың орынбасарларының жалақысы қайта қаралатындығын атап айтты.

800-ге жуық мектеп директорлары, білім бөлімдері мен басқарма басшылары қатысқан кездесуде Сыр өңірінің орта білім беру ұйымдарының басшылары менеджердің басқару құзыреттері, кадрлық әлеуетті дамыту, НҚА қабылдайтын және білім беру саласындағы маңызды басымдықтар бойынша тәжірибе алмасып, білім алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: